Аккредитациядан өткен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері аталған іс-шараны «Қазмедиа орталығынан» таратқалы отыр.
ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен онлайн форматта Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды, деп жазады ҚазАқпарат.
Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли бұған дейін хабарлағандай, онлайн форматта өтетін жиында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қорытындылары мен алдағы жоспары талқыланады.
Аккредитациядан өткен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері аталған іс-шараны «Қазмедиа орталығынан» таратқалы отыр.
Осыдан бір апта бұрын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет басшысы Асқар Маминді қабылдаған болатын.
Кездесу барысында экономикалық өсімді қалпына келтіру, инвестиция тарту, халықты жұмыспен қамтуды қолдау, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басқа да өзекті мәселелері жөніндегі шаралар талқыланды.