4 ғалым «Парасат», 15 адам «Құрмет» орденіне ие болды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым күні қарсаңында бір топ ғалымды елеулі жетістіктері үшін мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, 4 ғалым «Парасат», 15 адам «Құрмет» орденіне ие болды.
Бұдан бөлек, 6 маманға «Ерен еңбегі үшін» медалі берілсе, тағы 2 ғалымға «Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері» құрметті атағы табыс етілді.