Прокурор: "Бишімбаевтың телефонын ашу мүмкін болмады - ол тергеуге көмектескен жоқ"

0
364

Бишімбаев сотқа дейінгі кезеңде тергеумен ынтымақтаспаған.


Прокурор:

ERNUR.KZ. Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотында прокурор Айжан Аймағанова сотталушының ұялы телефонын ашу мүмкін болмағанын айтты, деп жазады tengrinews.kz.

Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, Бишімбаев сотқа дейінгі кезеңде тергеумен ынтымақтаспаған.

"Бишімбаевтың ұялы телефоны сотқа дейінгі кезеңде қаралмағанын түсіндіргім келеді, себебі ол бұғатталған, Пин-код болды және оны ашу мүмкін болмады. Яғни, Бишімбаев сотқа дейінгі кезеңде тергеуге көмектеспегенін айтқым келеді", - деді Айжан Аймағанова сотқа қатысушылар.