Прокурорлар Маңғыстаудағы ауылдарды сумен қамтамасыз етуге көмектесті

0
192

Ауыл тұрғындарын Ақтау қаласында орналасқан "Каспий" су тұщыту зауыты" ЖШС ауыз сумен қамтамасыз еткен.


Прокурорлар Маңғыстаудағы ауылдарды сумен қамтамасыз етуге көмектесті

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Қарақияда прокурордың актісі бойынша "Су тұщыту" зауытының құрылысы басталды, деп жазады tengrinews.kz.

Қарақия ауданы прокуратурасының қадағалау актісі негізінде аудан әкімдігімен инвесторға, яғни "Алека" ЖШС-не тәулігіне 5000 м³ ауыз су өндіретін зауытын салу мақсатында Құрық ауылында 5 гектар жер учаскесі берілді.

"Қазіргі уақытта "Су тұщыту" зауытының 20 ұңғымасы қазылып, судың тұздылығын тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Бұған дейін, ауыл тұрғындарын Ақтау қаласында орналасқан "Каспий" су тұщыту зауыты" ЖШС ауыз сумен қамтамасыз еткен.

Прокуратура мәліметінше, жыл сайын жаз мезгілінде ауыз судың жиі болмауы тұрғындардың наразылығын тудырып келген.