ПТР анықтамасы жоқ 3 шетелдік елден шығарылды

0
864

Анықтамасыз ұшып келген Қазақстан азаматтары ПТР сараптама тапсыру үшін Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтау қалаларында карантиндік стационарға жатқызылды.


ПТР анықтамасы жоқ 3 шетелдік елден шығарылды

ERNUR.KZ. ҚР Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Садуақас Байғабылов халықаралық әуе рейстермен келген шетелдіктердің депортациялану себебін және екі күнге карантинге жатқызылған қазақстандықтар туралы айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

Садуақас Байғабұловтың дерегінше, 19 қазан күні түнде 10 халықаралық әуерейспен 1 136 жолаушы келген. Оның 938-і анықтамасы болса, анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының саны - 198.

Бұл ретте Нұр-Сұлтан қаласына 6 рейспен келген 565 жолаушының 424-інде анықтама болса, 141-інде анықтама болмады. Алматыға 3 рейспен 494 жолаушы келді. Оның 446-сы анықтамамен, 48-і анықтамасыз жеткен. Ал Ақтауға 1 рейспен ұшып келген 77 жолаушының 68-і анықтамамен, 9-ы анықтамасыз келген.

«Анықтамасыз ұшып келген Қазақстан азаматтары ПТР сараптама тапсыру үшін Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтау қалаларында карантиндік стационарға жатқызылды. COVID-19-ға арналған жедел тесті тапсырғаны туралы анықтамасы жоқ 3 шетелдік - Ресей, Өзбекстан, Армения азаматтары депортацияланды», - деді ол.