Ол 31 наурызда Ташкент қаласынан Алматыға ұшып келген.
1 сәуірде халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
2021 жылдың 1 сәуірінде Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Иран, Түркия, Украина, Ресей Федерациясы, Әзірбайжан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 37 халықаралық әуе рейсі келді.
4 685 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен - 4 675 адам, анықтамасыз - 10 ҚР азаматы келді.
Оның ішінде:
- Алматы қаласының әуежайына – 17 рейс, 2 324 жолаушы, анықтамамен - 2314, анықтамасыз – 10;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 10 рейс, барлық 1 293 жолаушы анықтамамен келген;
- Шымкент қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 009 жолаушы анықтамамен келген;
- Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 59 жолаушы анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерінде COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантин стационарында өз нәтижесін күтіп отыр.
Анықтамасыз келген 29 ҚР азаматының ПТР-талдауы теріс нәтиже көрсетті.
Сонымен қатар, 31 наурызда Ташкент – Алматы авиарейсімен ПТР анықтамасыз ұшып келген Өзбекстан азаматы Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды.