Qazaq Air Қырғызстан мен Өзбекстанға ұшады

0
123

Vietjet Qazaqstan әуе компаниясы Орталық Азияның ірі қалаларына тікелей рейстерді ашатынын хабарлады.


Qazaq Air Қырғызстан мен Өзбекстанға ұшады

фото: vecher.kz

ERNUR.KZ. Енді Қазақстан астанасы бұл өңірлік орталықтармен тұрақты әуе қатынасына ие болады, деп жазады inbusiness.kz.

Компанияның бұл бастамасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың түркі елдері арасындағы байланыстарды дамыту арқылы туризмді, сауданы, білім беру мен мәдени әріптестікті нығайту жөніндегі стратегиялық бағытымен үйлеседі.

Жаңадан ашылатын тікелей рейстер:

  • Астана – Самарқанд – Астана 2025 жылдың 7 қарашасынан бастап, аптасына екі рет (жұма, жексенбі);
  • Астана – Бішкек – Астана 2025 жылдың 10 қарашасынан бастап, аптасына екі рет (дүйсенбі, бейсенбі).

"Астана, Самарқанд және Бішкек арасындағы тікелей әуе қатынасы жолаушыларға ыңғайлы сапар ұсынып, іскерлік, туристік және мәдени байланыстарды кеңейтеді. Бұл бағыттар саяхатшыларға, кәсіпкерлерге және студенттерге жаңа мүмкіндіктер ашады", – деді Qazaq Air басқарма төрағасы Әділбек Өмірәлиев.

Астана әуежайындағы хаб арқылы әуе компаниясы жолаушыларға Бішкекке, Самарқандқа, Омбы мен Новосібірге, сондай-ақ Қазақстанның өңірлеріне тиімді түйісу рейстерін ұсынады.