Sustainalytics рейтингінде ұлттық компания халықаралық газ компаниялары арасында 7-орынға ие болды.
ERNUR.KZ. QazaqGaz Sustainalytics ESG рейтингінде әлемдегі ең үздік 10 газ компаниясының қатарына енді, деп жазады sputnik.kz.
Sustainalytics рейтингінде ұлттық компания әлемдегі халықаралық газ компаниялары арасында 7-орынға ие болды.
"Sustainalytics (Morningstar) халықаралық рейтинг агенттігі "QazaqGaz" ұлттық компаниясы" АҚ компаниялар тобы қызметінің тұрақтылығын алғаш рет бағалады", - деп жазылған хабарламада.
Компаниядағылар 19,2 деңгейіндегі ESG рейтингі "тұрақты даму саласындағы төмен тәуекелдерді және жауапты бизнес жүргізудің жоғары стандарттарын растайды" деп хабарлады.
"Осылайша "QazaqGaz" ұлттық компаниясы" АҚ ұлттық қана емес, сонымен қатар халықаралық ауқымдағы газ саласындағы жетекші рөлін растайды. Оның үстіне, QazaqGaz қазақстандық барлық компаниялар арасында ең жоғары ESG рейтингін иеленді", - деп хабарлады компаниядағылар.
Бұған дейін хабарлағандай, ресейлік "Газпром" мен Қазақстан ресейлік газды ұзақ мерзімді жеткізу мен тасымалдау жайын талқылап жатыр.
2023 жылдың маусымында "Газпром" мен "QazaqGaz" ұлттық компаниясы" АҚ Өзбекстандағы тұтынушылар үшін ресейлік табиғи газды Қазақстан аумағы арқылы тасымалдау туралы келісімге қол қойды.
2023 жылдың қазан айында ресейлік табиғи газ жеткізілілмінің басталуына арналған салтанатты шара өтті. "Орта Азия – Орталық" магистральді газ құбыры жүйесі базасында арнайы белгіленген бағыт бойынша реверсті режимде жеткізіледі.
2023 жылдың қарашасында "Газпром" мен Қазақстан үкіметі стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Құжат табиғи газды жеткізу, тасымалдау және өңдеу, сондай-ақ оны геологиялық барлау және өндіру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.