Референдум – 2026: 54 елде 71 шетелдік учаске жұмыс істейді

0
84

Шетелдегі дауыс берушілердің жалпы саны – 14 380 адам.


Референдум – 2026: 54 елде 71 шетелдік учаске жұмыс істейді

Фото: Сыртқы істер министрлігі

ERNUR.KZ. 2026 жылғы республикалық референдум кезінде 54 елде 71 шетелдік учаске жұмыс істейді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов мәлім етті, деп жазады BAQ.KZ.

Әскери-саяси жағдайдың шиеленісуі және кейбір елдердегі қазақстандықтар санының аздығына байланысты 10 елдегі 11 учаске ашылмайды: Иран, Израиль, Иордания, Қатар, БАӘ (2 учаске), Оман, Ливан, Кувейт, Украина және Эфиопия.

Шетелдегі дауыс берушілердің жалпы саны – 14 380 адам. Дауыс беру Астана уақытымен таңғы 03:00-де Токио мен Сеул қалаларындағы учаскелерде басталды. Сағат 08:00-ге дейін жалпы 23 учаске ашылып, оларға келіп дауыс бергендер саны 198 адамды құрады.

Ең соңғы ашылатын учаске – АҚШ, Сан-Франциско қаласы, ол Астана уақытымен 15 наурызда сағат 19:00-де ашылып, 16 наурызда сағат 08:00-де жабылады.

Дауыс бергендердің саны бойынша мәліметтер түске дейін әр 2 сағат сайын, ал түстен кейін әр сағат сайын жаңартылып отырады.