Ресей азаматы 13 жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып келген

0
752

Тексеріс барысында Алтай қаласының 76 жастағы тұрғыны 2004 жылы Ресей Федерациясының азаматтығын алғаны белгілі болды.


Ресей азаматы 13 жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып келген

ERNUR.KZ. «Заңсыз-Кордон» алдын алу шарасы барысында ШҚО-ғы Көші-қон қызметінің Алтай аудандық бөлімі қос азаматтығы бар адамды анықтады. ШҚО тұрғыны 13 жыл бойы Қазақстан мен Ресейден зейнетақы алып келген, деп жазады baq.kz.

Тексеріс барысында Алтай қаласының 76 жастағы тұрғыны 2004 жылы Ресей Федерациясының азаматтығын алғаны белгілі болды, сондай-ақ ол Қазақстан азаматтығынан бас тартпаған. Ер адам Ресей азаматтығынан айыру ескіру мерзіміне байланысты автоматты түрде жүзеге асады деп ойлған. Осы аралықта ол екі елдің зейнетақысын алып келген, заңсыз қаражат мөлшері 12 млн теңгеден асады.

Бұл дерек бойынша ер адам ҚК-нің 496-бабы 1-тармақшасы бойынша әкімшілік жауапқа тартылып, 100 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бұл төлемдерді мемлекеттік бюджетке қайтару үшін құқық бұзушының үстінен сотқа арыз түсірмек, - дейді ШҚО ПД-нің Көші-қон қызметі басқармасының басшысы Ербол Бекпаев.