Рогозин Қазақстанмен одан әрі жұмыс істей беретінін және жоспарланған барлық ғарыш бағдарламасын жүзеге асыратынын айтты.
ERNUR.KZ. Ресей Қазақстанмен жоспарланған барлық ғарыш бағдарламасын жүзеге асырады. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
Мәжіліс отырысынан кейін журналистер министрден Ресей Байқоңырды жалға алудан бас тартуы мүмкін бе деп сұрады.
"Кеше Рогозин мырза ("Роскосмос" бас директоры Дмитрий Рогозин – Sputnik) жоспар өзгермегенін мәлімдеді. Олар Қазақстанмен одан әрі жұмыс істей беретінін және жоспарланған барлық ғарыш бағдарламасын жүзеге асыратынын айтты", - деп жауап берді Мусин.
Айтуынша, Қазақстан ресейлік әріптестерімен келіссөз жүргізеді.
"Бізде шамамен 15-20 сәуірде олармен бірқатар мәселе бойынша келіссөздер жоспарланған. Соның ішінде алдағы жылдарға арналған перспективалы жобалар да бар", - деп нақтылады министр.
Мусин Ресей Байқоңырды жалға алып отырғаны үшін жылына 100 миллион доллардан астам ақша төлейтінін атап өтті. Келісімшарт 2050 жылға дейін бекітілген.