Лавров Ресейде 66 мыңнан астам қазақстандық студент білім алып жатқанын және оның жартысына жуығы ресейлік бюджет есебінен оқитынын атап өтті.
ERNUR.KZ. Эпидемиологиялық жағдай жақсарған жағдайда Ресей Қазақстанмен арадағы әуе рейстерінің санын арттырады. Бұл жөнінде Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстан СІМ басшысы Мұхтар Тілеубердімен келіссөздер жүргізу қорытындысы бойынша баспасөз конференциясында хабарлады, деп жазады sputnik.kz.
"Бүгін әуе көлігін пайдалану арқылы қазақстандық студенттердің Ресейдегі оқуына оралуын мейлінше қолайлы ету мәселесін талқыладық. Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай Қазақстанмен арадағы әуе рейстерінің санын арттыруға мүдделіміз", - деді ол.
Лавров Ресейде 66 мыңнан астам қазақстандық студент білім алып жатқанын және оның жартысына жуығы ресейлік бюджет есебінен оқитынын атап өтті.
"Біз өз тарапымыздан Қазақстаннан келетін студенттерді қабылдауға дайын екенімізді растадық", - деді РФ СІМ басшысы.