Ресей президенті Путин Түркияға шақырту алды

0
447

Ердоған мен Путин Астанада келіссөз жүргізді.


Ресей президенті Путин Түркияға шақырту алды

ERNUR.KZ. Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Астанада Ресей Президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Анадолы агенттігінің ақпаратына сәйкес, Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының 24-ші саммитіне қатысуға Астанаға келген қос елдің президенттері Түркияның Синоп қаласында тағы бір атом электр стансасы жобасын іске асыру мүмкіндігін талқылады. Ердоғанның айтуынша, Түркия мен Ресей арасындағы сауда айналымы көлемін 100 млрд долларға жеткізу көзделген.

«Мен бұл межеге жақын арада жететінімізге сенемін. Бізде оған қажет толық әлеует бар», — деп атап өтті Режеп Тайип Ердоған.

Сөз соңында түрік көшбасшысы Владимир Путинді Түркияға сапарлап келуге шақырды.