Ресей Украинамен келіссөзді 22 маусымнан кейін жалғастыруға дайын - Путин

0
167

Әңгіме барысында Трамп Украинадағы қақтығысты тоқтатуға мүдделі екенін атап өтті.


Ресей Украинамен келіссөзді 22 маусымнан кейін жалғастыруға дайын - Путин

© Sputnik / Михаил Климентьев

ERNUR.KZ. Ресей президенті Владимир Путин АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті, деп жазады sputnik.kz.
Әңгіме барысында Путин Ресейдің Украина тарапымен келіссөздерді 22 маусымнан кейін жалғастыруға дайын екенін айтты, деп мәлім етті Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков.
Президенттер телефон арқылы 50 минут сөйлесті. Путин Трампты 2 маусымда Ыстанбұлда Ресей мен Украина делегацияларының кездесуінде қол жеткізілген келісімдердің орындалу барысы туралы хабардар етті.

"Ресей тарапы 22 маусымнан кейін украиналықтармен келіссөздерді жалғастыруға дайын екенін білдірді. Дональд Трамп бұл ақпаратты назарға алды", - деді Ушаков журналистерге.

Әңгіме барысында Трамп Украинадағы қақтығысты тоқтатуға мүдделі екенін атап өтті.