Ресейде педофилияға күдікті қазақстандық азамат ұсталды

0
409

Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешілуде.


Ресейде педофилияға күдікті қазақстандық азамат ұсталды

ERNUR.KZ. Педофилияға күдікті азамат Ресейден Қазақстанға экстрадициялануда. Бұл туралы 2024 жылғы 16 мамырда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (ІІМ) мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.

Ведомство оның халықаралық іздеуге жарияланғанын түсіндірді.

"Новосибирскіде Интерполдың сұрауы бойынша Қазақстанның Ішкі істер министрлігі кәмелетке толмаған баламен жыныстық қатынасқа түскен және жыныстық сипаттағы әрекеттер жасағаны үшін халықаралық іздеуге жарияланған 25 жастағы ер адамды ұстады", - деп айтылған хабарламада.

Қазіргі уақытта ұсталған адам қамауда отыр. Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешілуде.