Ресейден келе жатқан 8 вагон астық кері қайтарылды

0
318

Ішкі нарықты қорғау үшін елімізге сырттан астық кіргізуге шектеу қойылған.


Ресейден келе жатқан 8 вагон астық кері қайтарылды

ERNUR.KZ. Ресейден Қазақстанға келе жатқан 8 вагон бидай кері қайтарылды. 526 тонна астықты Саратов және Тула облыстарынан Шымкент қаласына шығарған, деп жазады inbusiness.kz.


Биылғы 11-12 қыркүйекте Ресей Федерациясымен шекарада орналасқан Батыс Қазақстан облысының Темір жол фитосанитариялық бақылау бекетінен 8 вагон бидай табылып, Ресей Федерациясына қайтарылды.

Бұл жұмысты өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар "Жайық" шекаралық бақылау бөлімшесінің әскери қызметшілерімен бірлесіп жүргізеді.

Естеріңізге сала кетейік, ішкі нарықты қорғау және астықты кері экспорттау фактілерін болдырмас үшін 2024 жылғы 26 шілдеде сыртқы сауда саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында транзитті қоспағанда, үшінші елдерден және ЕАЭО елдерінен Қазақстан аумағына көліктің барлық түрлерімен бидай әкелуге тыйым салынған болатын.