Ресейлік блогерге жол ашып жүрген алматылық полицейлер видеоға түсіп қалған

0
446

Алматыда полицейлер ресейлік видеоблогер Гусейн Гасановтың көлігіне жол ашып жүрген.


Ресейлік блогерге жол ашып жүрген алматылық полицейлер видеоға түсіп қалған

ERNUR.KZ. Видео әлеуметтік желілерде жарияланды. Қалалық жол-патрульдік полициясы өкілдері видеоға қатысты пікір білдірді, деп жазады Tengrinews.kz.

Бастапқыда бұл бейнежазба белгілі ресейлік блогер Гусейн Гасановтың Instagram-парақшасында жарияланды. Желі қолданушылары патрульдік көлік блогердің көлігіне арнайы жол ашып жүргеніне таңғалған.



Алматы полициясының өзіндік қауіпсіздік басқармасы бұл дерек бойынша қызметтік тексеріс жүріп жатқанын хабарлады.

Айта кетсек, Гасанов өз елінде бірнеше рет жол ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылған. Яғни, 2020 жылы көлік нөмірін жасырғаны үшін, ал 2021 жыл 26 шілдесінде мас күйінде көлік жүргізді деп күдікке ілінген. Алайда медициналық тексеруден өткізбек болғанда блогер полицейлермен барудан бас тартқан.