Бұған ұқсас жағдай 2023 жылдың қазан айында қайталанған.
ERNUR.KZ. Ресейлік басқарушы компания шығынды өндіріп алуды талап етіп, Қазақстанның Орталық депозитарийіне және Euroclear-ға арыз-шағым түсірді, деп жазады stan.kz.
2024 жылы 9 қаңтарда Мәскеудің төрелік сотына Djital essets management басқарушы компаниясы қазақстандық екі орталық депозитарийіне қарсы екінші талап арыз берді. Белгілі болғандай, ресейлік компания сұрап отырған соманың құны – 74,11 миллион рубль.
Тергеу барысында үшінші тарап ретінде Standart инвестициялық компаниясы, ұлттық есеп айырысу депозитарийі, орталық банк және қаржы министрлігі жұмылдырылды.
Айта кетейік, бұған ұқсас жағдай 2023 жылдың қазан айында қайталанған. Сот шешімінде Djital essets management компаниясы аталған екі жауапкерге 676,7 миллион рубль беруін, яғни 6,94 млн долларды өндіріп алуды талап еткен. "Газпром" және оның еншілес компаниялары, "Kit Finance", NRD, Citibank және Deutsche Bank талап бойынша үшінші тұлғалар ретінде көрсетілді. Бұл талапты қарау бойынша сот отырысы 15 мамырға белгіленді.
2023 жылдың қарашасында "Интеллект-капитал" басқарушы компаниясы Djital essets management-тен басқа, тағы Euroclear Bank пен қазақстандық депозитарийге талап қойды.
Талап-арыздың сомасы 376,1 миллион рубльді құрайды (анықтамада көрсетілгендей шамамен 4,25 миллион доллар). Талап бойынша үшінші тұлғалар "Газпром", "ҚДР", "Кит Финанс" және тәуелсіз мамандандырылған депозитарий мәлімдеген.
2023 жылдың көктемінде Қазақстанның орталық депозитарийі Ресей мен Беларусь салымшыларының шоттарын жеке есепке ала бастады. Себебі орталық депозитарий бұл қадамды Euroclear және Clearstream талаптарымен түсіндірді.
Деректерге сүйенсек, тамыз айында Frank Media қазақстандық депозитарий сақтауындағы еурооблигацияларды алмастыру үшін "Газпромға" беруден бас тартқанын жазды. Басылым мәлеметінше, депозитарий өз шешімін "еуропалық санкцияларды айналып өту" деп түсіндірді.
2022 жылдың соңында Forbes журналы Қазақстан нарығында шетелдік инвесторлардан еуробондтарды сатып алу стратегиясы танымал болды деп жазған еді.
Ресейлік инвесторлар шетелдіктерден қағаздарды 40-50% жеңілдікпен сатып алған. Қазақстанның депозитарийінде жинақталғанымен, Euroclear қағаздардың түпкі иесі кім екенін білмеген.
Қаржы нарығындағы схеманың кең таралғаны соншалық, Euroclear оны бұғаттай бастағанын атап өтті. Шоттарды бөлгеннен кейін батыс депозитарийі еуробондтардың кімнің шоттарына кететінін біле алады.