Жолаушылардың аты-жөні, тегі, құжат нөмірлері, телефондары, сондай-ақ электрондық пошта мекенжайлары жарияланып кеткен.
Ulysmedia коллажы
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде ресейлік "Сирена-Травел" авиабилеттерін брондау жүйесі бұзылғаннан кейін қазақстандықтардың дербес деректері ашық тарап кеткені жайлы ақпарат пайда болды, деп жазады ulysmedia.kz.
Air Astana, SCAT, Qazaq Air және Bek Air әуе компанияларының 700 мың рейсі, сондай-ақ ресейлік авиакомпаниялар жасаған қазақстандықтардың халықаралық сапары жайлы мәліметтер бар деректер базасы тарап кетті.
Жолаушылардың аты-жөні, тегі, құжат нөмірлері, телефондары, сондай-ақ электрондық пошта мекенжайлары жарияланып кеткен.
Зардап шеккендердің арасында танымал саясаткерлер, кәсіпкерлер және шоу-бизнес жұлдыздары бар. Оның ішінде Альберт Рау, Айдос Сарым, Мұрат Әбенов және Жигули Дайрабаев сияқты Мәжіліс депутаттары дА, сенатор Бибігүл Жексенбай, блогер Алексей Лодочников және басқа да белгілі қазақстандықтар бАР.
Еске сала кетейік, 2023 жылдың қыркүйегінде хакерлер ресейлік "Сирена-Травел" әуе билеттерін брондау жүйесінің дерекқорын бұзған еді. Соның салдарынан 2007-2023 жылдар аралығындағы жолаушылар, рейстер, тарифтер, маршруттар және билет құны туралы мәліметтер алынған.