Республикалық маңызы бар жолдардың 45 пайызы ақылы болады

0
684

Орталық коммуникациялар алаңындағы баспасөз мәслихатында «ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Асқар Мұратұлы осындай мәлімдеме жасады.


Республикалық маңызы бар жолдардың 45 пайызы ақылы болады

ERNUR.KZ. Оның айтуынша, 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Республикалық маңызы бар жолдардың 11 мың шақырымына немесе жалпы желінің 45% - ына ақы алу жүйесін енгізу жоспарлануда, деп жазады baq.kz.

Өздеріңіз білетіндей, төлем алу жүйесі ұзындығы 682 км болатын 4 учаскеде (Нұр-Сұлтан-Щучинск, Нұр-Сұлтан-Теміртау, Алматы-Қапшағай және Алматы-Қорғас) енгізілді. 2020 жылы алымдар 5,7 млрд. теңгені құрады, -деді ол.

Абдулиннің мәлімдеуінше, инвестормен («Computer Vision Technologies» ЖШС) жасалған шарт шеңберінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының учаскелерінде төлемақы алу жүйесін орнату және оған қызмет көрсету бойынша 2024 жылға дейін 200 бірлік аралық бақылау аркаларын, 45 бірлік клиенттермен жұмыс істеу жөніндегі орталықтарды, мониторинг орталығын және 2 бірлік деректерді өңдеу орталығын құру көзделген.

2021 жылы ұзындығы 5,8 мың км учаскелерде 94 бірлік бақылау аркаларын орнату бойынша жұмыстар аяқталды. Әрбір бақылау аркасында мынадай құрамда бағдарламалық-аппараттық кешен орнатылды. Олар бекіту камералары, шолу камералары, өнеркәсіптік компьютер, лазерлік қашықтық өлшеуіш, RFID еспетеуіш және т. б, -деп атап өтті «ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ Басқарма төрағасы.