Ревакцинацияны КВИ-ге қарсы алғашқы вакцинациялау курсына пайдаланылған вакцинамен жасауға рұқсат беріледі.
ERNUR.KZ. Қазақстанның мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды, онда халықты коронавирусқа қарсы ревакцинациялау мерзімі бекітілген, деп жазады sputnik.kz.
Ревакцинация мынадай аралықтарды сақтай отырып жүргізіледі:
- векторлық вакциналарды енгізгеннен кейін – 9 айдан соң;
- белсенділігі жойылған вакциналарды және м-РНҚ-вакциналарды енгізгеннен кейін – 6 айдан соң.
Ревакцинацияны КВИ-ге қарсы алғашқы вакцинациялау курсына пайдаланылған вакцинамен жасауға рұқсат беріледі.
Ревакцинация жасататын халықтың тәуекел топтары:
- медицина қызметкерлері;
- педагогтар;
- күш құрылымдары қызметкерлері;
- медициналық-әлеуметтік мекемелердің персоналы мен контингенті;
- 60 жастан асқан адамдар;
- Вакциналаудың аяқталған курсынан кейін КВИ-ге қарсы антиденелер анықталмаған иммунитеті әлсіреген адамдар (иммуносупрессивті терапиядағы адамдар (лейкемияны, лимфоманы және миеломаны қоса алғанда, қатты ісікті немесе гематологиялық қатерлі ісікті белсенді иммуносупрессивті емдеу немесе осындай емдеу тоқтатылғаннан кейін 12 ай ішінде), гемодиализдегі адамдар, трансплантат реципиенттері, АИТВ жұқтырған ауыр бастапқы иммун тапшылығы);
- өз бетінше тексерілген (КВИ-ге қарсы вакциналаудың алғашқы курсы аяқталғаннан кейін 28 күннен ерте емес) және КВИ-ге қарсы антиденелерге зерттеудің теріс нәтижесі бар адамдар.
Сондай-ақ ревакцинациялау КВИ-ге қарсы вакцинациялаудың алғашқы курсында қолданылмаған вакцина түрлерімен (белсенділігі жойылған вакцина, векторлық вакцина, м-РНҚ-вакцина) жүргізілетіні аталып өткен.
Құжатта 22 қарашадан бастап Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында ревакцинация жүргізілуі керектігі айтылған.
Қаулының толық мәтінін мына жерден оқи аласыз.