Риддердегі жылу электр орталығында тағы апат болды - министрлік

0
653

Жарылыс толқыны шамамен 80 шаршы метр қоршау құрылымын қиратты.


Риддердегі жылу электр орталығында тағы апат болды - министрлік

ERNUR.KZ. 23 наурызда сағат 07.50-де Риддер ЖЭО №6 қазандық аймағындағы жанармай беру галереясында көмір шаңы пайда болды, деп жазады inbusiness.kz.

Жарылыс толқыны шамамен 80 шаршы метр қоршау құрылымын қиратты. Қазандықтарға көмір беру сағат 13-00-де қалпына келтірілді.

"Бұл жерге Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің басшылығы дереу жолға шықты. Бұйрыққа сәйкес комиссия технологиялық бұзушылыққа тергеп-тексеру жүргізеді. Комиссия құрамына Комитет өкілдері, Риддер ЖЭО және техникалық сарапшы кірді. Тергеп-тексеру нәтижесі 10 жұмыс күні ішінде дайын болады", - делінген ҚР Энергетика министрлігінің хабарламасында.

Қазір ЖЭО-да 6 қазандықтың екеуі жұмыс істейді. Қалған 4 қазандықта ақауды жою бойынша жөндеу жүргізіліп жатыр. Жылу желісінің температурасы - 70/46 градус графикте 45/35 градус.