Бүгін Қазақстанның жаңа Премьер-Министрі тағайындалды.
Роман Склярды премьер-министрдің бірінші орынбасары және Тамара Дүйсенова премьер-министрдің орынбасары қызметіне қайта тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қасым-Жомарт Тоқаев Роман Склярды премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметіне қайта тағайындалды. Ол бұған дейін де осы қызметін атқарған еді.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
"Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындалсын", - делінген Тоқаевтың жарлығында.