Росатом басшысы Қазақстандағы АЭС құрылысы туралы айтты

0
148

"Росатом" басшысы Қазақстан "өз аумағында атом электр станциясын салу мәселесін кәсіби түрде зерттеп, бірнеше вендормен жұмыс істейтінін айтты.


Росатом басшысы Қазақстандағы АЭС құрылысы туралы айтты

фото: РИА "Новости"

ERNUR.KZ. "Росатом" мемлекеттік корпорациясының басшысы Алексей Лихачев компанияның Қазақстан аумағында АЭС құрылысына қатысу мүмкіндігін оң бағалады. Бұл туралы ол Ресей мен Қазақстан үкімет басшыларының келіссөздерінің аясында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
"Бүгін елдеріміздің үкімет басшыларының кездесуіндегі талқылауларға сүйене отырып, біз бірлескен шешімдерге бет бұрып жатырмыз деп қорытынды жасауға болады. Біз өте белсенді жұмыс істейміз және ынтымақтасамыз", - деді Алексей Лихачев.
"Росатом" басшысы Қазақстан "өз аумағында атом электр станциясын салу мәселесін кәсіби түрде зерттеп, бірнеше вендормен жұмыс істейтінін айтты. Бұл ретте атом компаниясының басшысы Қазақстан атом технологиялары саласындағы "құзыретті ел" және уран өндірудегі әлемдік көшбасшы деді.
Оның айтуынша, жақында Қазақстанның атом өнеркәсібі өкілдерінің делегациясы Ленинград атом электр станциясына барды. Онда тек атом технологияларына ғана емес, жалпы Ресейдің атом энергетикасының барлық құрылымына барынша мән беріп қайтты.