Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Фото: freepik
ERNUR.KZ. 2025 жылғы 28 қыркүйекте құқықбұзушылық жасады деген күдікпен Рудный қаласының прокуроры ұсталды, деп жазады zakon.kz.
"Қызметтік тәртіп бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Қостанай облысы прокуратурасының ішкі қауіпсіздік бөлімшесі облыстық ҰҚКД-мен бірлесіп 2025 жылғы 28 қыркүйекте қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен Рудный қаласының прокурорын ұстады",-делінген ҚР Бас прокуратурасының ақпаратында.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.