53 жастағы әйел ұрыны дүкенге қамап қойды

0
1 168

Қостанай қаласының тұрғыны Жания Ысмағұлова сатушы болып істейтін дүкенге келген ұрыны құрықтады. 5 сәуір күні кешкі сағат 19:00 шамасында үш күдікті сүт өнімдерін сататын бүңгіршекке келген. Күдіктінің бірі сатушының назарын аударып, екіншісі кассадан ақшаны алған. Ал, үшінші қылмыскер есік алдында тұрған.


53 жастағы әйел ұрыны дүкенге қамап қойды

Қостандайда қылмыскерді ұстаған 53 жасар дүкен сатушысын полицейлер марапаттады, - деп хабарлады ERNUR.KZ tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қостанай қаласының тұрғыны Жания Ысмағұлова сатушы болып істейтін дүкенге келген ұрыны өзі ұстаған. 5 сәуір күні кешкі сағат 19:00 шамасында үш күдікті сүт өнімдерін сататын бүңгіршекке келген. Күдіктінің бірі сатушының назарын аударып, екіншісі кассадан ақшаны алған. Ал, үшінші қылмыскер есік алдында тұрған. Сатушы «тұтынушылардың» арам ойын сезеді. Ақырын дабыл пультін алып, сыртқа жүгіріп шығады. Дабыл тетігін басып, есікті құлыптап үлгерген. Екі азамат сатушыны итеріп қашып шыққан. Дегенмен, бір күдіктіні ұстап қалған. Ұрыны полиция қызметкерлері келгенше дүкеннен шығармай «қамауда» ұстаған.Тұрғындарды көмекке шақырғанда екі ер азамат мән бермей өтіп кетіпті. Тек жас қыз ғана көмекке келген. Полицейлер мен күзет агенттігінің қызметкерлері дер кезінде келіп үлгерген.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 28-188 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.