Погондылар марқұм үсіп көз жұмды деп істі жаба салған.
Аяусыз сабаған алқаш күйеуінен қашамын деп аяздан үсіп көз жұмды. Жұбайының жұдырығынан қорыққан келіншек қыстың қақаған суығында сыртқа көйлекшең шығып кеткен екен. Марқұмның туысқандары бауырларын өлтірген қаскөйдің бостандықта жүргеніне наразы.деп хабарлайды ERNUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Арағы бар үйдің берекесі қашады дейді. Рас. Отағасы мас болған сайын, бұл шаңырақ ұрыс-керістен көз ашпайтын. Үйдегі соңғы айқай да ащы судың әлегінен басталған.
"Далаға шығып адам іш киіммен кетпейді ғой. Оның ақыл есі тізу. Ешқандай учетта тұрмаған адам. Дені сау адам олай жасамайды ғой, қандай ашу болса да, қандай ұрыс жанжал болса да, ол үйден шығып кетпес еді. Ол сол жерге барып жатып, өлейін деп жатпайды ғой 35 градус аязда, ешқандай адам шыдамайды. Адам түгілі айуан да шыдамайды", дейді марқұмның әпкесі Теңлік Сағындықова.
"Медициналық сот-сараптама бойынша, иә дене жарақаттары бар. Бірақ ол жарақаттардың өлімге қатысы жоқ. Қазір қосымша сот-медициналық сарапта өтсе, біз тиісті тергеу жүргізіп, процессуалдық шешім қабылдаймыз", дейді ШҚО ПД ТБ бастығының міндетін атқарушы Дәурен Иманмәдиев.
"Бұл азамат егер ер жігіт болса, ол 102 хабарласып, шығып кетті деп айту керек еді. Егер ол өзі шығып кетсе біздің күдігіміз. Екіншіден ол Аягөзге қашып кеткен машинамен. Үйдегі баланың оқуына төлеу керек ақшаның бәрін алып кеткен.Егер ол кінәлі болмаса, сол арада отыруы керек еді, міне басымды кесіп ал, шығып кетті таппадым деп. Балаларға да звандатпаған. Звандама деп. Уақыт әбден өткен", дейді марқұмның күйеу баласы Жандарбек Қағазбеков.