Сабақ онлайнға ауысты: Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрды – видео

0
1 537

​Қолайсыз ауа райына байланысты республикалық маңызы бар жолдарда полиция күшейтілген жұмыс режиміне ауысты.


Сабақ онлайнға ауысты: Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрды – видео

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысының Бейнеу ауданын шаңды дауыл басты. Табиғаттың тосын мінезінен оқушылардың сабағы онлайн болды, ал жүргізушілерге жолда сақ болу керектігі ескертілді, деп жазады sputnik.kz.

Бұл туралы жергілікті "Лада" басылымы аудан әкімдігіне сілтеме жасап хабарлады.

Тұрғындар шаңды дауылдың видеосын әлеуметтік желіде таратып жатыр.


Ауа райының күрт нашарлауы салдарынан күндізгі ауысымда оқитын 8451 оқушы мектепке бара алмады.


"Мектеп оқушыларының сабағы онлайн форматқа ауыстырылды. Оқушылардың үйден шықпауын қадағалауыңызды сұраймыз. Қолайсыз ауа райына байланысты аудан аумағы арқылы өтетін республикалық маңызы бар автожолдарда полиция экипажы күшейтілген жұмыс режиміне ауысты", - деді Бейнеу ауданының әкімдігі.