Видео желіде тараған соң қала тұрғындары қаржы жинауды бастап кеткен.
ERNUR.KZ. Естеріңізде болса, бұған дейін бес айлық құндақталған сәбиін ұстап, бір қолымен рульді басқарып, такси қызметін атқарған астаналық әйел туралы жазылған. Осы оқиғадан кейін астаналықтар сәбиін қолына ұстап, көлік жүргізген әйелге 1,7 миллион теңге жинап берді, деп жазады Stan.kz.
Әрекеті көпшілікті тәнті еткен әйелдің есімі Әсел. Ол баласын жалғыз өсіріп отыр. Қаржы жетпегендіктен таңертең көлігімен жолаушы тасымалдап, түстен кейін екінші жұмыс істеуге мәжбүр болған.
Видео желіде тараған соң қала тұрғындары қаржы жинауды бастап кеткен.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде тараған видеоға Астана полициясы назар аударып, әйелді тапқан. Оны жауапкершілікке тартпай, түсіндіру жүргізумен шектелген. Сондай-ақ сыйлық та тарту еткен.
Бұнымен қоса Астана қалалық Полиция департаменті мамандандырылған батальонының қызметкерлері әйелге баланы тамақтандыруға арналған арнайы орындық сыйлаған.