Сәбилер жерде жатыр: Елордалық перзентхана басшылығына сөгіс жарияланды

0
904

№1 көпсалалы қалалық аурухананың акушерлік бөлімінде төсек-орын қоры жеткілікті мөлшерде - Денсаулық сақтау басқармасы.


Сәбилер жерде жатыр: Елордалық перзентхана басшылығына сөгіс жарияланды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі аурухана орын жоқ болуына байланысты дәлізде жатқан жаңа босанған әйелдер туралы суретке түсінік берді, деп жазады zakon.kz.


Инстаграмдағы eto_astana_detka тобының оқырманы елорданың сол жағалауындағы №1 перзентханада не болып жатқанын жазды.
Оның айтуынша, орын болмауына байланысты жаңа туған сәби мен аналар еденде ұйықтауға мәжбүр.
Бұл жазбаға пікір қалдырушылар мұндай жағдайдың әрдайым болатынын және өкінішке орай, бұл коронавирусқа байланысты емес екенін атап өтті.
Оқырмандардың айтуынша, 2013 және 2019 жылдары да осылай болған.
Басқармадағылар бұған дереу жауап беруге тырысты.

- №1 көпсалалы қалалық аурухананың акушерлік бөлімінде төсек-орын қоры жеткілікті мөлшерде. Босанған әйелдерге орын жеткілікті. Аталған факті бойынша босандыру бойынша орынбасарға сөгіс жарияланды, - деп нақтылады басқармадағылар.