Сәбит Рзиев Қазақстан-Қытай құбыры бас директорының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды

0
981

Сонымен қатар, 2023 жылғы 7 наурыздан бастап «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС-ның Басқарма мүшесі болып сайланды.


Сәбит Рзиев Қазақстан-Қытай құбыры бас директорының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды

ERNUR.KZ. «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС қатысушыларының жалпы жиналысының 2023 жылғы 6 наурыздағы шешімімен Сәбит Рзиев «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп жазады inform.kz.

Сонымен қатар, 2023 жылғы 7 наурыздан бастап «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС-ның Басқарма мүшесі болып сайланды.

С.Рзиев бұл қызметке тағайындалғанға дейін «ҚазТрансОйл» АҚ Шымкент мұнай құбыры басқармасының бастығы болған. Әр жылдары ол «ҚазТрансОйл» АҚ-да Ақтөбе мұнай құбыры басқармасының бастығы, пайдалану бөлімінің директоры, Атырау мұнай құбыры басқармасының бастығы, Батыс филиалының бас инженері – бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

«Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС бас директоры (басқарма төрағасы) - Тянь Айминь.

«Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС – «ҚазТрансОйл» АҚ (50%) мен China National Oil and Gas Exploration and Development Company Ltd (50%) бірлескен кәсіпорны. Серіктестік «Кеңқияқ – Құмкөл» және «Атасу – Алашаңқай» магистральдық мұнай құбырларына иелік етеді.