Ақмола облысында мешіттен садақа жəшігін ұрлап кеткен 28 жастағы күдікті ұсталды.
ERNUR.KZ. Ақмола облысында мешіттен садақа жəшігін ұрлап кеткен 28 жастағы күдікті ұсталды, деп жазады ҚазАқпарат.
ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша тамыздың 19-ы күні Бурабай аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне Жасыл ауылындағы дін өкілі хабарласып, ауыл мешітінің терезесінен кірген белгісіз біреулер 10 мың теңге көлемінде ақша салынған садақа жəшігін ұрлап кеткенін айтқан.
«Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы іздестіру шарасы барысында 28 жастағы жергілікті тұрғынды ұстайды. Күдікті бірден қылмысын мойындап, түсініктеме берді», деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.
Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 188 бабының 2 бөлігі бойынша сотталды тергеу амалдары жүргізілуде.