Сағынтаев Астананы су басудан қалай құтқаруға болатынын айтты (видео)

0
1 518

Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Астананы су басуына қатысты пікір білдірді.


Сағынтаев Астананы су басудан қалай құтқаруға болатынын айтты (видео)

ERNUR.KZ. Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Астананы су басуына қатысты пікір білдірді, деп жазады Tengrinews.kz.

"Бірнеше күн бойы тоқтамай жауған жауын-шашынның салдарынан қаланың реңі кетіп қалды. Жаяу жүргіншілер зардап шекті, қоғамдық көліктердің қозғалысы қиындады. Осыған байланысты Мемлекет басшысының тарапынан да бірнеше ескерту айтылып, тапсырмалар берілді. Барлығымыз да қалада болып жатқан жағдай үшін қала әкімдігі жауап беретінін білеміз. Тағы да ескертіп айтқым келетіні, осындай апатты жағдайлардың барлығы үшін қала әкімдігінің өкілдері жауап береді", - деп сынға алды әкімдіктегілерді Сағынтаев.


"Тұрғындар мен қоғамдық көлік қолданушылары зардап шекпеуі тиіс. Тұран көшесі мен Момышұлы даңғылы, Бараев көшесі – соңғы кездері осы аудандар көп зардап шегетін болды", - деп атап өтті премьер-министр.

Еске сала кетейік, 20 тамыздан 21 тамызға қараған түні Астанада жауын-шашынның айлық нормасы жауған болатын. Қаланың барлық коммуналдық қызметі күшейтілген тәртіпте жұмыс істеген еді.

Астана әкімдігінің өкілдері өз кезегінде бүгінде қаладағы нөсерлік канализациялар жүйесі 13 тазалау құрылғысынан және 3 сақтау тоғанынан, 18,9 мың бақылау және жаңбырсуы құдықтарынан, 398,8 шақырымға тарта нөсер магистральды коллекторларынан және науа арықтар жүйесінен тұратынын айтып өтті.