Еріктілер: Алдын ала келіп түскен ақпарат бойынша қыздарды автобустан шығарып жіберген.
ERNUR.KZ. Қостанай облысында 9 қазанда жоғалып кеткен 7, 9, 12 жастағы қыздар ертесі күні бір-ақ табылды, деп жазады Stan.kz.
Асенкритовка ауылында төрт қыздың жоғалып кеткені туралы ақпарат желіде сағат 16:00-де тараған.
"Алдын ала келіп түскен ақпарат бойынша қыздарды автобустан шығарып жіберген", - деп жазыпты еріктілер.
Жоғалып кеткен жеткіншектерді іздестіруге полицейлер мен жергілікті тұрғындар жұмылыпты.
"Төрт қызды таңертеңгісін Николаевка ауылында тапқан. Олар сайда қонуға мәжбүр болыпты. Автоубс туралы ақпарат растатлмады. Олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Психолог та олармен жұмыс жасады", - деді Қостанай облыстық ПД өкілдері.