Сайлауда алғаш рет дауыс беруші елордалықтарға сыйлықтар табысталады

0
1 234

9 маусымда Нұр-Сұлтан қала әкімдігі қоғамдық көліктерде тегін жол жүруді қамтамасыз ететін болады.


Сайлауда алғаш рет дауыс беруші елордалықтарға сыйлықтар табысталады

ERNUR.KZ. Алдағы 9 маусымда өтетін президенттік сайлауда алғаш рет дауыс беретін 18 жасар елорда тұрғындары естелік сыйлықтарға ие болады, деп жазады tengrinews.kz.

23 мыңнан астам астаналық ҚР Президенті сайлауына алғаш рет қатысады. Сондай-ақ 9 маусым күні туған күн иелері үшін футболка, кепка, кружка және басқа да көптеген сыйлықтар тапсырылады.

Әлеуметтік желілердегі сайлауға қатысуға қалалықтарды барынша тарту мақсатында "Ел жүрегі – Нұр-Сұлтан!" атты арнайы имидждік жоба іске қосылды.

9 маусымда Нұр-Сұлтан қала әкімдігі қоғамдық көліктерде тегін жол жүруді қамтамасыз ететін болады.