Сәлемдеме жіберу қызметі бір жылда 17,7%-ға қымбаттаған

0
114

Қаңтар-мамырда пошта және курьерлік қызметтің қызмет көрсетулерінің көлемі бойынша нақты көлем индексі – 104,1% құрады.


Сәлемдеме жіберу қызметі бір жылда 17,7%-ға қымбаттаған

Фото: unsplash.com

ERNUR.KZ. Бұл туралы Ұлттық статистика бюро хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

2025 жылғы қаңтар-мамырда пошта және курьерлік қызметтің қызмет көрсетулерінің көлемі жедел деректер бойынша 35,5 млрд теңге сомасында қызмет көрсетілген. Бұл 2024 жылғы қаңтар-мамырдағы көлемімен салыстырмалы бағаларда 4,1%-ды құрайды. Оның 8,6 млрд теңгесі халыққа көрсетілген.

Пошта және курьерлік қызметтердің басым бөлігі Алматы қаласында көрсетілген – жалпы көлемнің 58,9%, ақшалай мәнде бұл 20,8 млрд теңгені құрады. Екінші орында Астана қаласы – 4,8 млрд теңге.

Қазақстанда курьерлік қызмет бір жылда 3,3%, ал сәлемдеме жіберу 17,7% қымбаттаған.

курьер, тасымал, сәлемдеме