Салтанат Нүкенованың өлімі: Бишімбаевқа тағы бір айыптау бабы қосылды

0
725

Бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен қамауға алынды.


Салтанат Нүкенованың өлімі: Бишімбаевқа тағы бір айыптау бабы қосылды

ERNUR.KZ. Тергеу іске "азаптау" бабын қосқан, деп жазады ulysmedia.kz.

Астана полиция департаменті ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған. Оның бірі 110-баптың 2-бөлігі (азаптау), екіншісі 99-баптың 2-бөлімі (аса қатігездікпен кісі өлтіру).

Бұрын тек бір бап, 99-шы бап бойынша іс қозғалғаны хабарланған еді. Қылмыстық кодекске сәйкес, азаптау үшін төрт жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Бишімбаевтың ағасы "Гастро-орталық" директорына қатысты қылмыстық кодекстің 432-бабы (жасыру) және 434-бабы (қылмыс туралы хабарламау) бойынша тергеу аяқталған.

ІІМ мәліметтері бойынша, қазір қылмыстық процеске қатысушылар қылмыстық іс материалдарымен танысуға кіріскен. Кейін іс прокуратураға жіберіледі.

Еске салайық, бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен қамауға алынды.