Осыған дейін Байжанов Бишімбаевпен полиция қызметкерлері келгенше өзара ешқандай келісімге келмегенін айтты.
ERNUR.KZ. Айыпталушы Бақытжан Байжановқа экс-министр Қуандық Бишімбаев неге Нүкеновамен жиі жанжалдасатынын айтқан, деп жазады baq.kz.
Бақытжан Байжанов Қуандық Бишімбаевпен бірге түстенген кезде "неге көп ұрсасыздар?" деп сұраған. Бишімбаев оған Салтанатпен үйленбей тұрып, оның басқа адаммен қарым-қатынаста болғанын айтқан. Ол адам Биішмбаевтың танысы болған. Байжановтың сөзінше, Бишімбаев "сол жағдай жүрегімнен шықпайды" деген.
Осыған дейін Байжанов Бишімбаевпен полиция қызметкерлері келгенше өзара ешқандай келісімге келмегенін айтты.
Сондай-ақ ол Байжанов Нүкенова мен Бишімбаевтың арасындағы жанжал бұрын да болғанын мәлімдеген еді.


