Бүгінде 15 блогер 1,5 млрд теңгені көрсетіп, бюджетке 75 млн теңге төлеп қойды.
фото: Sputnik / Абзал Калиев
ERNUR.KZ. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ескертуден кейін қосымша салық төлеген блогерлердің санын жариялады, деп жазады sputnik.kz.
Бұған дейін салықшылар 594 блогердің ішінен 12 адам қосымша салық декларациясымен 1,4 млрд теңгені көрсетіп, 74 млн теңгенің салығын төлеп тастағанын айтқан. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің сөзіне қарағанда, салық төлеген блогерлердің саны артты.
"Бүгінде 15 блогер 1,5 млрд теңгені көрсетіп, бюджетке 75 млн теңге төлеп қойды", - деді Жұманғарин мәжілісте өткен брифингте.
Айта кетері, бұған дейін мемлекеттік кірістер комитеті салықтан жалтарған жүздеген блогерге бір ай уақыт берген болатын. Ал қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов салықтық қарызы бар блогерлер қандай жағдайда қылмыстық жазаға тартылатынын айтты.