Салық жинауға жауапты министрдің өзі мемлекетке қарыз

0
420

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың да қарызы бары анықталды.


Салық жинауға жауапты министрдің өзі мемлекетке қарыз

ERNUR.KZ. Еліміздің үш бірдей министрі салықты уақытылы төлемеген, деп жазады ulysmedia.kz.

PROTENGE телеграм каналы Үкімет мүшелерінің 3 қазанға дейін төлеуі тиіс мүлік пен көлік салығы бойынша қарыздарын тексеріп көрген.

“Ведомствосы салық жинау жұмысына жауап беретін қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың 62 661 теңге қарызы бар (өсімпұлымен бірге). Өте аз болып көрінсе де Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров та бюджетке 373,5 теңге қарыз”, – деп жазды телеграм канал.

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың да қарызы бары анықталды. Ол жеке тұлғалардың мүлкіне қатысты салық бойынша мемлекетке 134 мың теңгеден аса (2 мың теңге өсімпұлымен) берешек.

“Сомалар аса көп емес, бірақ заң бәріне бірдей. Егер мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеу мерзімін 2022 жылғы 3 қазанға дейін деп белгілесе, онда елдің барлық азаматтары осы ережені ұстануға тиіс. Бұл министрлерге де қатысты. Ал салық саласының жетекшісі Ерұлан Жамаубаев салық тәртібі бойынша қазақстандықтарға үлгі көрсетуі керек еді”, – делінген жазбада.