Кадрларда екі ер адамның жаяу жүргіншілер жолында бір-бірімен соғылып қала жаздағаны көрінеді.
ERNUR.KZ. Алматыда самокат мінген екі ер адам жол қиылысына сыймай, төбелес шығарды. Оқиға видеоға түсіп қалған, деп жазады tengrinews.kz.
Оқиға қалай болған?
Самокат мінгендердің төбелесі түсірілген видео әлеуметтік желілерде жарияланды. Кадрларда екі ер адамның жаяу жүргіншілер жолында бір-бірімен соғылып қала жаздағаны көрінеді. Оқиға жанжалға ұласып, кейін ер адамдар дауды жұдырықпен шешуді ұйғарған. Төбелеске жаяу жүргіншілер араласуға мәжбүр болды.
Полиция пікірі
Алматы Полиция департаменті жанжалға қатысушылар іздестіріліп жатқанын хабарлады.
"Жаяу жүргіншілер жолында төбелес ұйымдастырғандар ұсталып, заңның қатаң талабына сәйкес жауапқа тартылады. Әрқайсының әрекетіне құқықтық баға беріледі. Мұндай тәртіпбұзушылықтарға жол беруге болмайды деп санаймыз", – деп мәлімдеді полиция өкілдері.