Ең көп санавиация ұшулары өңірлер ішінде жүзеге асырылған - (63,6%), Астана қаласынан 26,6% ,Алматы қаласы 9,8% ұшу жүзеге асырылған.
ERNUR.KZ. Ағымдағы жылғы 4 айда еліміздің санитариялық авиация қызметімен 530 ұшу жүзеге асырылды. Аталған кезеңде 615 пациентке медициналық көмек көрсетілді, 616 медициналық қызмет көрсетілген, оның ішінде: 533 пациент тасымалданған (86,5%), 57-не кеңес берілген (9,3%) және 26 ота жасалған (4,2%). Сондай-ақ, донорлық мүшелерді тасымалдау мақсатында 2 ұшу жүзеге асырылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Санитариялық авиация нысанында шұғыл медициналық көмек көрсетудің негізгі себептері: қан айналымы жүйесінің аурулары (24,8%), балалар жасындағы патология (23,1%), жарақат, оқыс жағдайлар және улану (18,7%), жаңа туған нәрестелер патологиясы (17,1%), акушерлік-гинекологиялық патология (10,2%) және өзге де аурулар (6,1%).
Ең көп санавиация ұшулары өңірлер ішінде жүзеге асырылған - (63,6%), Астана қаласынан 26,6% ,Алматы қаласы 9,8% ұшу жүзеге асырылған. Бұған қоса, шетелде ауыр жағдайға қалған ҚР азаматтары мен оралмандарға халықаралық тасымалдаулар ұйымдастыру қажеттілігі бар.
Осылайша, 2018 жылдың басынан бері отандық медициналық ұйымдарда емдеуді жалғастыру үшін ҚР санитариялық авиация күшімен шетелдік емханалардан Қазақстан Республикасының 6 азаматы тасымалданған. 2011 жылдан бері ҚР санитариялық авиациясымен жақын және алыс шет елдерден (Тайланд, Түркия, Швейцария, АҚШ, Оңтүстік Корея, Египет, Қырғызстан, Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы және т. б.) ҚР 46 азаматы тасымалданды.