Санитарлық дәрігер келесі жылы қаңтардағы эпиджағдайға болжам жасады

0
461

Сонымен қатар ведомство басшысы ревакцинация мәселесіне де тоқталды.


Санитарлық дәрігер келесі жылы қаңтардағы эпиджағдайға болжам жасады

ERNUR.KZ. Бұл туралы ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова «20:21» жобасына берген сұхбаты барысында хабарлады, деп жазады baq.kz.

Оның айтуынша, барлық болжам өзімізге және сақтық шараларын қалай сақтайтынымызға байланысты.

Еліміздегі жағдайды өзіміз қалыптастырамыз. Бірінші кезекте, бұл спецификалық профилактика, яғни – вакцинация. Біз ұжымдық иммунитетке қол жеткізу қажеттігін естен шығармауымыз керек. Ұжымдық иммунитет бүгінде індетпен ауырғандарды қоса алғанда, 50%-ды құрайды, - деп атап өтті Айжан Есмағамбетова.

Сонымен қатар ведомство басшысы ревакцинация мәселесіне де тоқталды.

Ревакцинация жасатқан абзал. Өйткені вакцинациямен жоғары деңгейде қамтылған және бізден бұрын екпе салуды қолға алған мемлекеттердің өзінде ревакцинация уақыты біртіндеп қысқарып келе жатқанын көріп отырмыз. Егер иммундық қорғаныс төмендеп кеткен жағдайда қосымша дозаны алу керек. Сондай-ақ әлеуметтік арақашықтықты сақтап, маска киюді де ұмытпаған жөн. Адамдар көп шоғырланатын жерлерге бармаған дұрысырақ, - деді комитет төрағасы.