Оқиға 25 мамырда Абай көшесіндегі кафенің жанында болған.
фото: видеодан скрин
ERNUR.KZ. Сәтбаевта жүргізуші асқан жылдамдықпен келіп, кафенің алдында тұрған жасөспірімдерді қағып кетті, деп жазады tengrinews.kz.
Ұлытау облыстық Полиция департаменті мәліметінше, оқиға 25 мамырда Абай көшесіндегі кафенің жанында болған.
"Полиция қызметкерлері мас болған жүргізушіні дереу ұстады. Жасөспірімдер медициналық тексеруден өтті және қазіргі уақытта олардың денсаулығына қауіп жоқ", - деп хабарлады полиция
Ведомство мәліметінше, іс материалдары сотқа жолданды. Үкім жақын арада шығарылады. Тергеу барысы облыстық ПД басшылығының бақылауында.