Сәтқалиев қазақстандық компанияның төмен бағада сатылуына қатысты пікір білдірді

0
496

Бұған дейін үкімет бірнеше жыл бұрын Қазақстанда мұнай-газ саласында жұмыс істейтін ірі компания жеке меншікке сатылғанын хабарлаған болатын.


Сәтқалиев қазақстандық компанияның төмен бағада сатылуына қатысты пікір білдірді

ERNUR.KZ. Энергетика министрі қазақстандық ірі мұнай компаниясының төмен бағамен сатылуына қатысты жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп жазады tengrinews.kz.

Бұған дейін үкімет бірнеше жыл бұрын Қазақстанда мұнай-газ саласында жұмыс істейтін ірі компания жеке меншікке сатылғанын хабарлаған болатын. Ол төмен бағамен сатылған.

Қазақстан делегациясының Иранға сапары барысында Tengrinews.kz тілшісі Алмассадам Сәтқалиевтен компанияның нақты кімге сатылғаны белгілі ме, "ҚазМұнайГаздың" бұрынғы жанар-жағармай құю станцияларының бұл мәмілеге қатысы бар ма деп сұрады.

"Тергеу шаралары жоспарланған. Сондықтан бұл оқиғаны тексеретін тиісті мемлекеттік органдармен келісу қажет. Белгіленген тәртіппен жақын арада уәкілетті орган оның кім екені туралы хабардар етеді деп ойлаймын", – деп Алмасадам Сәтқалиев жауап берді.