Сауалнамаға қатысып 350 мың теңге ұтып ал – ҰЭМ ресми мәлімдеме жасады

0
815

Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі бұл жалған ақпараттың министрлікке қатысы жоқтығын ресми түрде хабарлайды.


Сауалнамаға қатысып 350 мың теңге ұтып ал – ҰЭМ ресми мәлімдеме жасады

ERNUR.KZ. Еліміздің Ұлттық экономика министрлігі жалған хабарламалардың таратылып жатқаны туралы ескертті, деп жазады ҚазАқпарат.

«8 қыркүйекте түрлі мессенджерлерде Ұлттық экономика министрлігі жүргізген сауалнамаға қатысып, 350 000 тенгеге ие болу туралы жалған хабарлама таратылған. Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі бұл жалған ақпараттың министрлікке қатысы жоқтығын ресми түрде хабарлайды», - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Ұлттық экономика министрлігі шынайы ақпараттарды ведомствоның ресми ресурстарынан оқи алатындығын хабарлайды.