Сауда орталығының мүлкін қиратып, өртеп жіберген қазақстандық 8 жылға сотталды

0
86

Сот Жаркенттің 25 жастағы тұрғынына ойын-сауық орталығын өртеді деген айып тағып, үкім шығарды.


Сауда орталығының мүлкін қиратып, өртеп жіберген қазақстандық 8 жылға сотталды

Фото: Midjourney

ERNUR.KZ. Қазақстандық ер адам ашуға булықығып ойын-сауық орталығын бұзып, өртеп жіберген, деп жазады stan.kz.

Сот Жаркенттің 25 жастағы тұрғынына ойын-сауық орталығын өртеді деген айып тағып, үкім шығарды.

Тергеушілердің айтуынша, сотталушы кешке мекеменің операторымен бірге ішімдік ішкен. Екеуінің арасында жагжал туындап, ер адам кешеннің мүлкін қасақана қиратып, жабдықтарды, жиһаздарды және әйнекті сындыра бастаған. Сосын ол ғимаратты өртеп, оқиға орнынан қашып кеткен.

Ғимарат пен жабдықтардың айтарлықтай бөлігі өртеніп кеткен. Келтірілген залал 81 миллион теңгеден асты.

“Істің мән-жайын қарастырған соң сот айыпталушыны кінәлі деп танып, оны түзеу мекемесінде сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Сондай-ақ ол өтемақы төлеуге міндеттелді”, – делінген хабарламада.