Сауда орындарына пияз тұрақтандыру қорларынан жеткізіле бастады

0
1 338

Былтыр күзде аймақта 40-қа жуық сауда орнына пияздың бір келісі 115 теңге, ал дүкендерде 128 теңге болған.


Сауда орындарына пияз тұрақтандыру қорларынан жеткізіле бастады

ERNUR.KZ. Қазақстанның өңірлерінде тұрақтандыру қорларынан сауда нысандарына пияз сатыла бастады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Мәселен, Жамбыл облысында пияз қоры елдің ішкі сұранысын қамтамасыз етуге жеткілікті. Былтыр күзде аймақта 40-қа жуық сауда орнына пияздың бір келісі 115 теңге, ал дүкендерде 128 теңге болған. Қазір де солай. Мәселен, Тараздағы "Вкусная Корзинка" азық-түлік дүкендерінде пияздың бағасы 128 теңге болып тұр.
Айта кетері, аптада премьер-министр тұрақтандыру қорынан қорларды броньсыздандыруды және тауарлық интервенцияларды бастауды тапсырған болатын. Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялары пияз қорын сатып, ел бойынша сауда объектілерін пияздың қажетті мөлшерімен қамтамасыз етуге міндетті.