​Саясаткер: Аборт жасауға 16 жастан рұқсат беру – педофилияны заңдастырумен тең

0
1 605

Денсаулық сақтау министрлігі елімізде 16 жастан бастап жасанды түсік жасатуға рұқсат беру туралы ұсыныс жасаған болатын.


​Саясаткер: Аборт жасауға 16 жастан рұқсат беру – педофилияны заңдастырумен тең

ERNUR.KZ. Отандық танымал саясаткер өзінің Facebook парақшасында 16 жастан бастап жасанды түсік жасатуға рұқсат берудің дұрыс еместігін айтты. Талғат Қалиевтің пікірінше, аталмыш қадам елімізде педофилияны заңдастырумен тең түседі деп хабарлайды NUR.KZ.

"16 жасында түсік жасатқан (аборт) жасөспірім жыныстық қатынасты 15 жастан бастайтыны жасырын емес, Яғни интимдік өмірге рұқсат берілмеген жасқа әлі толмаған.

Бұл ереже кәмелет жасына жетпегендермен жақындасу деректерін мойындау болып тұр.

Дәрігер жасөспірімнің ата-анасына ескертпестен жасанды түсік жасап береді. Ал оны азғындаушы ешбір жауапкершілікке тартылмастан, оп-оңай медициналық қызмет ақысын төлеп береді.

Себебі басында болып жатқан оқиғаны ата-анасынан жасырған қыз оны полицияға жария етуі екіталай. Бір сөзбен айтқанда, біз осылайша педофилияны заңдастыру қаупін күшейтеміз.

Егер қыздың репродуктивті саулығын ойлар болсақ, оған дәрігер жасанды түсік жасаған соң екінші рет қайта бала көтере алатынына кепіл бар ма?

Неге осындай маңызды шешімді қабылдау жауапкершілігі кішкентай балаға жүктеледі? Оның әлі жетіліп үлгермеген психикасына бұл қалай әсер етпек?

Енді бұл мәселені демографиялық тұрғыда қарастырсақ. Біздің санымыз онсыз да аз.

Неге жақсы бөбектер үйін ашып, ата-анасы бас тартқан сәбилерді сонда алып отырмасқа?Бұл оны дүниеге келмей жатып өлтіргеннен гөрі дұрыс сияқты", - дейді Талғат Қалиев.

Саясаткер жазбасына Дана Фербер пікір білдіріп, нәрестені бөбектер үйіне өткізу жүз есе сорақы шешім екенін жеткізген. Әйел адам Facebook мәліметі бойынша, консалтингтік агенттіктің жетекшісі болып қызмет етеді екен.

Еске салсақ, Денсаулық сақтау министрлігі елімізде 16 жастан бастап жасанды түсік жасатуға рұқсат беру туралы ұсыныс жасаған болатын.