Сейсмикалық қызмет ТЖМ-ге қарайтын болды

0
755

Бұрын орталық Білім және ғылым министрлігіне қараған еді.


Сейсмикалық қызмет ТЖМ-ге қарайтын болды

ERNUR.KZ. Премьер-министр Асқар Мамин тиісті қаулыға қол қойды. Сейсмология институты Төтенше жағдайлар министрлігіне берілді, деп жазады inbusiness.kz.

Бұрын орталық Білім және ғылым министрлігіне қараған еді.

«Қазақстан заңнамасында белгіленген тәртіппен «Сейсмология институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 100 пайыз мөлшеріндегі мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығы және «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 100 пайыз мөлшеріндегі мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығы Төтенше жағдайлар министрлігіне берілсін», - деп жазылған Үкімет басшысының қаулысында.